Ұлы Жеңістің 75 жылдығына арналған «Ардагерлер ән салады» облыстық фестивалі 30-шы рет Қарағанды облысының соғыс және еңбек ардагерлерінің хор қатысушыларын жинады.
Алғаш рет «Адрагерлер ән салады» фестивалі 1990 жылы Шахтинск қаласында, МҮ директоры Николай Васильевич Перетятконың бастамасымен өтті. Содан бері хор ұжымдарының қатысушылары фестиваль аясында бүкіл Қарағанды облысын аралап шықты. Оларды Теміртау, Саран, Қарағанды қалаларының, сондай-ақ Абай, Бұқар Жырау, Қарқаралы аудандарының тұрғындары ыстық ықыласпен қарсы алды.
Дәстүрлі түрде фестивальге 25 хор ұжымы қатысады, олардың 8«Халықтық» құрметті атағына ие болды. Атап айтар болсақ: «Красная гвоздика» (Теіртау.қ), «Магистраль» және «Вдохновение» (Қарағанды.қ), «Алая гвоздика» (Шахтинск.қ), «Мудрость» (Саран.қ), «Виктория» (Абай ауданы), «Қайран жастық» (Қарқаралы ауданы), «Дәурен-ай» (Бұқаржырау ауданы), «Самоцветы» (Сәтбаев.қ).
Қатысушылардың орташа жасы 65-75 жас болса да, әнге деген сүйіспеншілік, адамдарға қуаныш сыйлауға деген ұмтылыс, фестивальдің барлық қатысушыларының басты мақсаты болып табылады.
«Ардагерлер ән салады» фестивалінің іс-шаралар бағдарламасын «Мәңгілік алау» мемориалдық кешенінің жанындағы салтанатты митинг ашады, облыстың хор ұжымдарының театрландырылған гала-концертімен жалғасады және соңында «Достар ән шырқайық!» атты мерекелік кешпен аяқталады.
Бүгінгі таңда аға буын өкілдерінің шығармашылық ұмтылыстарын мемлекет қолдайды. Біздің «Ардагерлер ән салады» фестиваліміз өзгелерге үлгі болып табылады және ол бірқатар облыстық іс-шараларда ерекше орын алды.