Қарағанды қаласы Кеншілер мәдениет сарайының «Көзкөргендер» ардагерлер хоры

Хор жетекшісі – Дана Балтабекқызы Сатаева
Аккомпаниаторы – Мақсұтбек Ердос

«Көзкөргендер» ардагерлер хоры  2011 жылы Кеншілер мәдениет сарайы жанынан құрылды. Ұжымда бүгінгі күні 33 қатысушы бар.  Олардың қатары еңбек ардагерлері,  құрметті демалыстағы зейнеткерлермен толыққан.

Ұжымның репертуарында қазақтың халық әндері мен патриоттық рухтағы әндер көптеп кездеседі.

Хор ұжымы Кеншілер мәдениет сарайында  өтетін іс-шараларға, сондай-ақ, қаламыздағы «Нұр Отан» партиясының ұйымдастыруымен өтетін мерекелік концерттерде белсене өнер көрсетеді.

2013 жылдың қараша айында ұжым М.Әуезовтің «Айман-Шолпан» операсын өз деңгейінде орындап шықты. Сондай-ақ, «Біздің ауылда» деп аталатын тақырыппен  облыс маңайындағы ауыл-ауылды аралап концерттік бағдарлама берді.

Iс-шаралар

Меню