Қарқаралы ауданының «Қайран жастық» ардагерлер хор ұжымы

Хор жетекшісі – Қосман Жәмелұлы Мерсалимов

Қарқаралы ауданының «Қайран жастық» ардагерлер ансамблі 1993 жылы құрылды.

Хор ұжымы Ұлы Жеңістің 50 жылдығына арналған көркем-өнерпаздар ұжымдарының, соғыс және Еңбек ардагерлерінің облыстық байқауында (1995 ж.), «Қарттарым асыл-қазынам» атты І облыстық байқауында І-ші дәрежелі дипломдармен (1996 ж.) марапатталып, тағы басқа облыстық деңгейдегі көптеген байқау, фестивальдердің жүлдегері атанып жүр.

Ардагерлер қойған концерттік бағдарламаларын жан дүниесімен көрген көрермен  – адамның адамға, баланың  ата-анаға , кішінің үлкенге деген махабатын сезіледі. Осы ансамблдің мүшелерінің сіңірген еңбектеріне, өнерге қосқан үлестеріне көрермен қауым куә болып жүр.

 

Iс-шаралар

Меню