Бұқар- жырау ауданының «Дәурен-ай» Халықтық ардагерлер хоры

Хор жетекшісі – Темірбек Төлеубекұлы Сыздыков

Бұқар-жырау ауданының «Дәурен-ай» ардагерлер хоры 1999 жылы құрылды. Қазіргі уақытта ұжым құрамында 31 адам бар.

2014 жылы хор ұжымы «Халықтық» атағын қорғап, үлкен жетістік көрсетті. «Дәурен-ай» ардагерлер хорының қатысуымен көптеген  аудандық мәдени іс-шаралар өтеді.  Сонымен қатар, ұжым жыл сайынғы облыстық фестивальдер мен байқауларға қатысып, көрермендердің ризашылығына бөленеді.

2014 жылы ұжым Москва қаласында өткен «Поклонимся великим тем годам» атты Халықаралық интернет конкурсына қатысып, І –ші дәрежелі лауреат атанды.

Iс-шаралар

Меню