Республикалық, Халықаралық конкурстар мен фестивальдардың жеңімпаздары

Көркемөнерпаздар ұжымдары беделді республикалық, халықаралық байқаулар мен фестивальдарда Қарағанды облысын лайықты түрде таныстырады.

2019 жылы марапатталған ұжымдар:

«Вдохновение» үлгілі ансамблі (Теміртау қ.) халықаралық «Рауан» байқауында екі Гран-При, Халық биі номинациясында екі I орын және V Халықаралық «АРТ – Поток» қозғалысы мен пластикасы байқауында Эстрадалық би номинациясында екі I орын (Ресей, Қырым), II республикалық «Күзгі ырғақтар» конкурсында екі Гран-При (Шымкент қ.), «Қазақстан раушандары» хореографиялық өнерінің халықаралық конкурсында төрт I орын (Нұр-сұлтан Қ.) жеңіп алды;

 

«Глория» үлгілі ансамблі «Шекарасыз» халықаралық байқауында түрлі номинациялар мен жас санаттарында төрт І орын және Гран-При иегері атанды.(Теміртау қ.) (Абхазия Республикасы), республикалық чемпионатта төрт Гран-при, хореография жанры бойынша «Гран При Кубогы»  (Алматы қ. );

 

 


«Грация» ансамблі V Халықаралық «Шығыс Жұлдызы» байқауында бас жүлде және үш І орын (Теміртау қ.),  IV халықаралық «Ашық Қазақстан»  байқауында екі І орын «таң шұғыласы» халықаралық байқауында үш Гран-при (Нұр-сұлтан Қ.), І және ІІ орын иегері (Алматы қ.);

 

 


Қарағанды қаласының «Қуаныш» үлгілі би ансамблі Нұр-сұлтан қаласында Димаш Құдайбергеннің «Арнау» концерттік бағдарламасына қатысып, шығармашылық қызметінің 25 жылдығына орай үлкен есеп беру концертін берді.

 

 


«Росинка» үлгілі ансамблі  «Азия жұлдыздары 2019» ашық халықаралық өнер және спорт чемпионатында үш бас жүлде мен «Үздік хореограф» дипломын (Алматы қ.), «алтын таланттар» халықаралық байқауында үш I орын (Алматы қ.), «сахна шебері» халықаралық байқауында екі I орын және «хореография шебері» жанры бойынша арнайы жүлдесін жеңіп алды(Алматы қ.);

 

 


Қарағанды қаласының «Улыбка» үлгілі ансамблі би өнері бойынша халықаралық «summer ferst таланттар шеруі» байқауында I және II дәрежелі екі мәрте лауреат атанды (Алматы қ.), «Жұлдыздар-2019» балалар және жасөспірімдер шығармашылығының республикалық көпжанрлы байқауының бас жүлде және I дәрежелі лауреаттары-(Қарағанды қ.);

 

 


Балқаш қаласының «Ветерок» үлгілі ансамблі «Pro танц Kz-2019» халықаралық чемпионатында төрт I орын, екі Гран-при және «жаңа формат» халықаралық байқауында екі 1 орын алды.(Нұрсұлтан қ.)

 

 

 


«Mega best kz», « International festival competition of Dance Art» (Нұр-сұлтан Қ.), «summer ferst таланттар шеруі және «Мен билегім келеді» (Алматы қ.) Халықаралық байқауларда «Best» би ұжымы I дәрежелі лауреат атанды.

 

 

 


«Нұрби» хореографиялық ансамблі І орын (Қарағанды қ.),

II Халықаралық «Әлем жұлдыздары» фестивалі Гран-при (Нұрсұлтан қ.),

«AMORE VITA» әлем кубогы Гран-при, 1,2 орын (Грузия, Кобулети қ.),

«Планета ырғағы» халықаралық байқауында  (Қарағанды қ.);

 

Бұқар Жырау ауданының «Эдельвейс» үлгілі ансамблі «Қазақстан раушандары» халықаралық хореографиялық өнер байқауында І орын алды (Павлодар қ.);

«Терпсихора» үлгілі би ансамблі (Қарағанды қ, ТМҮ) Жамбыл облысы би спорты Федерациясында алты І орынды, және екі ІІ орынды жеңіп алды;

 

 

«Ронд» спорттық бал билерінің үлгілі студиясы (Теміртау қ.) «Love Story-2019» (Алматы қ.), «Baiterek Winter Cup-2019» «Көктем кубогы SDance 2018», «Жазғы кубок Sdanse», «Summer CUP-2018» (Астана қ.), «Рухани Жаңғыру» бағдарламасы шеңберінде «BURABAY 2018» халықаралық турнирінде жүлдегерлер атанды. (Щучинск).

 

 

 

 


«Берегиня» орыс әнінің халықтық ансамблі (Теміртау қ.) «Дәстүрлер дауысы» халықаралық фольклор фестивалінде I орын алды (Ресей, Краснодар өлкесі);

Теміртау қаласының «Бэби шлягер» , «Күншуақ» халықаралық байқауында үш Гран-приге ие болды (Алматы қ.);

 

 


Арыстанбек Әсемай (Сәтпаев қ.) Республикалық «Сарын» байқауында бас жүлдені және Ерланқызы Аружан 2-орынды жеңіп алды, сондай – ақ «Сазды әуен» ұжымының жетекшісі Жұбаниязова Эльмара дипломмен марапатталды.

Сәтбаев қаласының қатысушылары «Қазақстан үміті» Республикалық байқауында «Дәстүрлі ән» номинациясы бойынша Айтбекова Фариза және Елеш Ақерке Гран-при иеленді.

 

 


 «Әуен» балалар вокалдық ансамблі (Ақтоғай ауданы) «Шашу» (Нұр-сұлтан Қ.) және «Sanat» (Түркия, Анталия қ.) халықаралық байқауларында бас жүлдені жеңіп алды);

Төрегелді Әлмира (Балқаш қ.) «Жас толқын» Республикалық ән байқауында «Эстрадалық вокал» номинациясы бойынша II орын алды.

Последние мероприятия KAZ

Меню