Балқаш қаласы мәдени-сауық орталығының «Балқаш сазы» ардагерлер хоры

Хор жетекшісі – Дәлібаева Алмагүл Нурғаслімқызы
Концертмейстері – Қожамбаев Қуат

«Балқаш сазы» ардагерлер хоры 2011 жылы маусым айында «Балқаш каласының мәдени-сауық орталығы» КМҚК жанынан құрылды.  Ұжым репертуарында халық әндері,  Отан, соғыс тақырыбындағы әндер, Қазақстан Республикасының қазіргі заман композиторларының әндері көптен кездеседі.

Хор ұжымы қаланың түрлі мәдени іс-шараларына белсене қатысып, қала тұрғындарының рухани байлықтарын көтеруге өз үлестерін қосады. Оның ішінде қайырымдылық, көшпелі концерттік бағдарламалар, мемлекеттік  және әлеуметтік маңызы бар іс-шаралардың тұрақты қатысушылары. Сонымен қатар, ұжым мүшелері театрландырылған мерекелік іс-шараларда әртістер ретінде өз өнерлерін паш етуде.

Iс-шаралар

Меню