Жезқазған қаласының «Жезқазған маржандары» ардагерлер хоры

Хор жетекшісі  – Эльмира Райнольдовна Гуткнихт

Жезқазған қалалық мәдениет бөлімі жанындағы  «Жезқазған маржандары» ардагерлер хоры 2007 жылы құрылды.  Хор ұжымының құрамында еңбек және тыл ардагерлері, құрметті азаматтар бар.

Құрылған уақыттан бері хор ұжымы тек туған қаласында ғана емес, сонымен қатар одан тысқары жерлерде танымал. Қарағанды қаласында жыл сайын өтетін облыстық фестивальдер мен байқаулардың тұрақты қатысушысы.

«Жезқазған маржандары» ардагерлер хоры қалада өтетін үлкен мерекелік шараларға әрдайым өз үлестерін қосып, кәсіби мерекелер мен мерейтойларды ұжым болып бірігіп тойлайды. Ұжым репертуарында халық әндері, қазақ композиторларының әндерімен қатар басқа ұлт өкілдерінің әндері де бар.

Iс-шаралар

Меню