Ақтоғай ауданының «Ардагерлер» хоры

Хор жетекшісі –Малыбаева Қарлығаш
Аккомпаниаторы – Әлібек Имашев

Ақтоғай  ауданының «Ардагерлер» хор ұжымы 1998 жылы сол кездегі мәдениет бөлімінің меңгерушісі Т.Жармағанбетов, мәдениет Үйінің директоры А.Аханов, музыкалық жетекші Д.Садуакасовтардың бастамасымен құрылған еді. Қазіргі таңда ұжым құрамында  30 өнерпаз бар.

«Ардагерлер» хоры аудан өміріндегі мәдени іс-шараларға қатысып, өз көрермендері алдында шығармашылық есеп беріп отырады. Көршілес Қарқаралы ауданының, Нүркен, Жамбыл селолық округтерінде, Қарқаралы қаласының өз басында, Балқаш қаласының еңбеккерлеріне өнерлерін ұсынып, халықтың ықыласына бөленіп отырады. Сондай-ақ облыстық мәдениет басқармасының жыл сайынғы фестивальдер мен байқауларына қатысып, биіктерден танылуды дәстүрге айналдырды.

Iс-шаралар

Меню