«ЗЕРДЕ» жылжымалы мәдени-демалыс кешендерінің қызметі

Тұрақты мәдениет мекемелері жоқ елдімекендердің тұрғындарына қызмет көрсету үшін облыста 21 жылжымалы «Зерде»мәдени-демалыс кешені бар.

«Зерде» жылжымалы мәдени-демалыс кешенінің шығуының басты мақсаты:

  • Қазақстан Республикасы Президентінің «Төртінші өнеркәсіптік революция жағдайында дамудың жаңа мүмкіндіктері»жолдауын насихаттау және түсіндіру;
  • тұрақты мәдениет мекемелері жоқ ауылдарға, халыққа мәдени қызмет көрсету жұмыстарын жандандыру;
  • халық шығармашылығын, өзіндік мәдениетін сақтау және дамыту;
  • ауылдық клуб мекемелеріне әдістемелік көмек көрсету.

Ең алдымен кешенде тұрақты клуб мекемелері жоқ аз қоныстанған шалғайдағы елді мекендерге қызмет көрсетіледі.

Есепті кезеңде облыс бойынша 804 шығу жүзеге асырылды, 1395 елді мекенге және шалғайдағы шопан учаскелеріне қызмет көрсетілді, 2204 мәдени-демалыс іс-шаралары өткізілді, оған 134,2 мың адам қатысты

Қызмет көрсетілген елді мекендер саны

2018 жылмен салыстырғанда өткізілген іс-шаралар саны азайды, себебі 2004 жылы сатып алынған УАЗ маркалы автомобильдер Абай, Ақтоғай,Жаңаарқа, Нұра, Осакаровка, Ұлытау және Шет аудандарында есептен шығарылды. Бүгінгі таңда облыс бойынша 13 «Зерде» жылжымалы кешені жұмыс істейді.

Бұқар жырау ауданының «УАЗ» автомобилінің 5 бірлігі бар «Зерде» мәдени-демалыс кешені ауданның мәдениет бөлімінің теңгерімінде тұрады және аймаққа тиісті қызмет көрсетпейді.

Қарақаралы ауданының «Зерде» жергілікті бюджеттен тиімсіз жұмсалғандықтан Егіндібұлақ ауылының мәдениет үйінің жөндеу жұмыстарына берілді.

Қарағанды облысының «Зерде» жылжымалы кешендерімен өткізілген іс – шараларҚазақстан Республикасы жастар жылына, С.Сейфуллиннің 125 жылдығы және Н.Әбдіровтің 100 жылдығына арналды.

Облыстың барлық өңірлерінде ҚР Президентінің Қазақстан халқына кезекті Жолдауын түсіндіру бойынша ауыл тұрғындарымен кездесулер, дөңгелек үстелдер, тақырыптық көрмелермен «Біз – Еліміздің Жарқын Болашағымыз», «Елім Менің – Қазақстан», «Туған Жерім» және т.б. концерттік бағдарламаларымен кездесулер өткізілді. Халық аз қоныстанған елді мекендерді аралау кезінде халыққа қызмет көрсетудің бірнеше түрлері көрсетілді: дәрістер, викториналар, балалардың танымдық – ойын бағдарламалары, деректі бейне мен фото слайдтар көрсетілді және т.б.

«Дені саудың – жаны сау», «Кеш қалмаңыз» атты спорттық іс-шаралар, «Көңілді жарыстар сағаты», «Жастар орталығы», «Бала тәрбиесінде» ойын-сауық бағдарламалары және тағы басқа көптеген шаралар өткізілді.

Мемлекеттік мерекелер қарсаңында облыстың «Зерде» кешендерінің шығармашылық құрамымен мерекелік іс-шаралар ұйымдастырылып, өткізілді: «Рахмет саған Отаным», «Жер жақсылығы», «Өмір үшін – шын жүректен- рахмет» – Алғыс айту күніне арналды, «Құтты болсын әз наурыз», «Көктем мерекесі -Наузрыз мейрамы», Қазақстан Республикасының Рәміздер күніне арналған іс-шаралар: «Ел игілігі  – Елбасы ұлы мұраты», тақырып бойынша дәрістер мен әңгімелер: «Туған халқым», «Тәуелсіздік тұғырым», «Ауылым – алтын бесігім», «Ауылым – мақтанышым», «Туған өлкем» Қазақстан Халықтарының Бірлігі күніне арналды. ҰОС Жеңісіне арналған мерекелік концерттер: «Жеңіс туы желбіресін», «Ұрпағым саған аманат», «Ақ тырналар», Қазақстан Республикасының Президенті күніне орай «Елін сүйген, елі сүйген – Елбасы» аттыфотокөрме ұйымдастырылды.

Мереке барысында конкурстар мен фестивальдар өтті: «Өнерпаз ауыл», «Қазақ халқының салт-дәстүрлері», «Мемлекеттік тіл – менің тілім» өзге ұлт өкілдерінің қатысуымен, сонымен қатар туған жердің тарихын білу викториналары өткізілді. Отбасы күніне дайындық аясында облыстың елді мекендерінде отбасылық конкурстар мен викториналар өткізілді.«Мен – Қазақстан азаматымын» атты концерттік ойын-сауық бағдарламасы, «Білгенге маржан»танымдық викторинасы өтті.

Есеп беру кезеңінде Шет, Жаңаарқа халық театрының аудандық халық театрлары, басқада аудандар, сондай-ақ Ұлытау және Нұра аудандарының қуыршақ татарларының спектакльдерінің көшпелі көрсетілімі болды.Абай ауданының барлық ауыл тұрғындары үшін маңызды оқиға «БІРЛІК» тобының – Абайдағы мүгедектер қоғамының барлық ауылдық округтерге барып концерттік бағдарламақоюы болды. Мықты және  жан дүниесі таза  адамдар, физикалық кемшіліктеріне қарамастан күн сайын ауруымен күресіп ән айтып, би билеп, өлеңдер оқыды. Топтың концерттік жетекшісі және бастаушысы Жұмағалиева Қарлығаш Өтешқызы.

Қазақ және Кеңес композиторларының әндері орындалды. Жас жұбайлар Хамита мен Илонаның керемет биі көрермендердің жүрегін жаулап алды. Барлық қатысушыларға естелік сыйлықтар дайындалып, ауылдық округ әкімдерінің алғыс хаттары табысталды.

Жыл сайын кешен құрамында аудандық ОКЖ маманы шығады, ол кітап көрмелерін рәсімдейді, жаңа басылымдар туралы әңгімелейді, мерзімді басылымдарға шолу жасайды, газеттер мен журналдарға жазылу бойынша ұсыныстар береді, лекциялар, блиц сұраулар, викториналар, көрмелер мен поэзия кештерін ұйымдастырады.

Балалар мен жасөспірімдердің бос уақытын ұйымдастыру «Зерде» мобильді кешені қызметінің басым бағыты болып табылады, әсіресе демалыс кезінде бұл олардың хоббиі мен қызығушылығын арттыру үшін зор маңызға ие. Мектептегі демалыс кезіндегі барлық жұмыстар мектептермен бірлесіп жасалған ұзақ мерзімді жоспарға сәйкес өткізілді.

«Зерде» бейнемобилі ауылдық округ әкімдіктерімен және ауданның оқу орындарымен тығыз байланыста жұмыс істейді, және олар мемлекеттік маңызы бар іс-шараларды ұйымдастыруға көмек көрсетеді.«Туған жер» акциясын өткізу аясында «Зерде» жылжымалы кешендерімен ауданның ең үздік кентіне «Ең таза ауыл», «Менің үйім», «Табиғатым» атты конкурстар өткізілді.Кент тұрғындары үшін құқық қорғау органдарының қызметкерлерімен, мешіт және шіркеу қызметкерлерімен кездесу ұйымдастырылып, «Деструктивтік діни ағымдардың теріс әсері»тақырыбында әңгіме өткізілді.Іс-шара аясында елдегі діни ахуалдың қазіргі жай-күйіне арналған дәрістер оқылды.Тыңдаушылар өздерінің пікірлерімен бөлісіп, діни бірлестіктердің қызметіне, деструктивті дін мәселелерібойынша және заңнамаларға қатысты бірқатар сұрақтар қойды.

Құқық бұзушылықтың алдын алу мақсатында: «Өз таңдауынды жаса», «Нашақорлық-қауіпті дерт», «Мен өз елімнің азаматымын», «Жастар салауатты өмір салты үшін»атты құқықтық сабақтары жастар арасында өткізілді. Сондай – ақ облыс кешендерімен әйелдерге кеңес беру бойынша, косметолог-дәрігер, шаштараз-стилист қызметтері ұсынылып көшпелі іс-шаралар жүзеге асырылуда.

Күнтізбелік дәстүрлі мерекелермен Абай және Осакаров аудандарындағыкешендірінің тұрғындарын қуантты.

«Колорит» бейнелеу студиясының қатысушыларымен және ауданның өнер мектептерінің тәрбиешілерімен біргеславян этномәдени орталығының «Рождестволықғажайып» атты көшпелі көрме ұйымдастырылды.


Жаппай мерекелік серуен «Святки – колядки»,Рождество кездесулері «Волшебство Рождества». Сондай – ақ, аудандарда «Масленница» халық мерекесіне арналған «Қысқа көктемді шығарып салайық» атты халықтық серуені өтті.8-наурыз Халықаралық әйелдер күні аясында «Зерде» аудандық кешендерімен: «Аяулы аналарға тағзым!», «Ана өмір шуағы», «Ананың жүрегі әлемді тербетеді»атты мерекелік концерттер өткізілді. Сондай-ақ кәсіби мерекелерді мерекелеуге яғниМедицина күні, Құрылысшылар күні, Мұғалімдер күні, ауыл шаруашылық қызметкерлер күні, жыл сайынғы «Ауыл Береке – 2019»  жәрмеңкесін ұйымдастыруға және өткізуге қатысты.

Барлық қызмет бағыттары бойынша бос уақытты ұйымдастыруды жетілдіре отырып, жылжымалы бейнемобильдерінің бүгінгі күні басты міндеттердің бірі – ауданның ауыл және кент тұрғындарына көмек көрсету болып табылады.

Бүгінгі күні ауылдық елді мекендердің санын, сондай-ақ аудан орталығынан шалғай елді мекендерге дейінгі қашықтықты ескере отырып, «Зерде» жылжымалы кешендерінің қызметі өзекті және ауыл халықының сұранысына ие.

Iс-шаралар

Меню