Абай ауданының «Зере» ардагерлер ансамблі»

Жетекшісі – Гүлнар Авангардқызы Нұрбаева

Абай ауданының «Зере» ардагерлер ансамблі 2003 жылы құрылды және осы жылдар ішінде тұрақты жұмыс істеп, шығармашылығын жетілдіріп келеді. Хор ұжымы өскелең ұрпақтың патриоттық тәрбиесіне үлкен үлес қосуда. Олардың ән репертуары да алуан түрлі. Бұл ұжымның шығармашылық қоржынында қазақстандық авторлардың 30-дан астам шығармалары мен халық әндері бар.

2019 жылдан бергі  жетекшісі Нұрабаева Гүлнар Авангардқызы. Ұжыммен жұмыс жасаудағы өз міндеттерінің бірі-Гүлнар Авангардқызы дәстүрлі ән мәдениеті саласындағы ағартушылық қызметті, қазақ халық әніне деген қызығушылықты дамытуды алдына қояды.

Ұжым белсенді концерттік қызмет жүргізеді, ауданның мәдени-көпшілік іс-шараларына қатысады, халық әнін сүйетіндерге өз өнерін жомарттықпен береді. Марапат ретінде «Зере» ұжымы өз көрермендері мен тыңдаушыларының, өз шығармашылығын сыйлайтындардың барлығының назарын сезінеді.

Iс-шаралар

Меню