Шахан кенті мәдениет үйінің соғыс және еңбек ардагерлерінің «Сударушка» хоры

Хормейстері – Галина Александровна Проценко
Концермейстері – Чулпанова Татьяна

Соғыс және еңбек ардагерлерінің «Сударушка» хор ұжымы 1987 жылы құрылды. Хор ұжымында 22 адам өнер көрсетеді. Оның құрамында әр түрлі мамандық өкілдері – дәрігерлер, педагогтар, экономистер және т.б. бар.

Хор репертуары алуан түрлі. Хор махаббат, соғыс, достық, бейбітшілік туралы әндерді, сонымен қатар көңілді частушкалар, орыс және қазақ тілдеріндегі кеңестік және заманауи композиторлардын әндерін орындайды. Мәдениет үйінде бірнеше іс-шара хордың қатысуынсыз өтпейді, сондай-ақ олар кент ұйымдары мен мекемелерінде өздерінің жаңа әдемі нөмірлерімен көрермендерді қуантады.

Ұжым облыстық және қалалық фестивальдар мен бұқаралық іс-шаралардың тұрақты қатысушысы болып табылады.

Iс-шаралар

Меню