Сәтбаев қаласы «Самоцветы» халықтық ардагерлер хоры

Хор жетекшісі – Павел Валентинович Малов

Сәтбаев қаласы «Самоцветы» ардагерлер хоры 1984 жылы құрылған. Хор құрамында 16 адам бар. Олар «Қазақмыс» корпорациясының бұрынғы қызметкерлері, мұғалімдер, құрылысшылар, дәрігерлер және т.б.

Ұжым Бүкілодақтық халық шығармашылығы фестивалінің, «Байқоңыр дауысы» облыстық фестивалінің, І Қазақстан халықтары көркемөнерпаздар шығармашылығы фестивалінің, «Дидар» арнасындағы телемарафонның (Жезқазған қ.) қатысушысы, ІІ «Виват Қазақстан» өңірлік фестивалінің жүлдегері.

2005 жылы хор Қырымға(Украина) шақырылып, «Лучезарный», «Московский» санаторийлерінде өз шеберліктерін көрсетті.

2014 жылдың қараша айында хорға «Халықтық» атағы берілді. Хор барлық Сәтбаев тұрғындарын, «Қазақмыс» корпорациясының қызметкерлерін өз шығармашылығымен қуантады, соғыс және еңбек ардагерлеріне арналған концерттерде, Жезқазған қаласының қарттар үйлерінде өнер көрсетеді.

Iс-шаралар

Меню