Ақтас кентінің «Русская песня» ардагерлер хоры

Хор жетекшісі – Мартбек Камалович Кульбаев

«Русская песня» хоры 2001 жылдың қазан айында құрылды.Ұжымның репертуарында әртүрлі жанрдағы патриоттық, лирикалық, халық әндері – орыс, украин, белорус, қазақ, Қазақстан және Ресей композиторларының130-дан астам әндері бар.Орыс композиторы Шориковпен шығармашылық хат алмасу жүргізді, ол хорға«Пусть никто не будет позабыт», «Опаленные войной», «Эх, кони, кони» атты өз әндерін жібереді.

2003 жылдан бастап хор ұжымы соғыс және еңбек хор ұжымдарының «Ардагерлер ән салады» облыстық фестивалінің, сондай-ақ мемлекеттік және әлеуметтік маңызы бар мерекелердің белсенді қатысушысы болып табылады.Ұжым соғыс және еңбек ардагерлерінің басқа да хор ұжымдарымен шығармашылық достастық жүргізеді.

Ұжым бірнеше рет Қарағанды облысы әкімінің, Саран қаласы және Ақтас кенті әкімдерінің дипломдары және алғыс хаттарымен марапатталған.

Iс-шаралар

Меню