Қарағандықаласы Теміржолшылар мәдениет сарайының соғыс және еңбек ардагерлерінің «Магистраль» халықтық хоры

Ұжым жетекшісі – Анита АлександровнаИост
Аккомпаниаторы – Татьяна АнатольевнаЕгорова

Соғыс және еңбек ардагерлерінің «Магистраль» халықтық хоры 1985 жылы ұйымдастырылған. Ұжымда бұрынғы дәрігерлер, педагогтар, қызметкерлер, теміржолшылар және тағы басқа әр түрлі мамандықтағы25 адам шұғылданады.

1991 жылы ұжымға жемісті жұмысы үшін «Халықтық» жоғары атағы берілді.

Хор ұжымы жыл сайын облыстық фестивальдар мен конкурстарға қатысады.Ұжымның гастрольдік картасы кең.Хор өнер көрсетпейтін бірде-бір ірі станция жоқ. «Магистраль» Алматы қаласындағы Жеңістің 45 жылдығына арналған фестивальге қатысты, сондай-ақ Ресейдің Новосибирск, Кемерово, Калинин қалаларында өнер көрсетті.

2020 жылдың 30 қаңтарында Теміржолшылар мәдениет сарайында оның құрылғанына 35 жыл толуына арналған салтанатты мерейтойлық кеш өтті. Хордың ұраны «Біздің жылдарымыз – біздің байлығымыз».

Iс-шаралар

Меню