Роза Бағланованың 100 жылдығына арналған «Ақмаңдайлым» облыстық вокалдық байқауы өткізілді

Қарағанды облысының мәдениет, архивтер және құжаттама басқармасы мен Облыстық мәдени-сауық және халық шығармашылығының ғылыми – әдістемелік орталығының ұйымдастырумен Роза Бағланованың мәдени мұрасын насихаттау, қазақ ән өнерінің дамуына өзіндік үлес қосу, орындаушылық шеберлікті арттыру мақсатында, 2022 жылдың 9-10 наурыз күндері Кеншілер мәдениет сарайында әншінің 100 жылдығына арналған «Ақмаңдайлым» облыстық вокалдық байқауы өткізілді.

Байқау екі жас санаты бойынша өткізілді: 18-35 жас, 36-50 жас.

Байқау II –кезеңнен тұрды:

  • Қатысушылар I кезеңде – Роза Бағланованың репертуарынан әндерін,
  • II кезең – еркін тақырыптағы әндері орындалды және марапаттау рәсімі мен гала-концерті өтті.

Байқауға Қарағанды облысының Абай, Ақтоғай, Жаңаарқа, Ұлытау, Нұра, Осакаров, Қарқаралы, Шет аудандары мен Қарағанды, Жезқазған, Сәтпаев, Теміртау, Балқаш, Саран, Шахтинск қалалары, және Қазтұтынуодағы Қарағанды экономикалық Университеттінен 28-дан астам үміткерлер қатысты.

Байқау қорытындысы бойынша төмендегі жеңімпаздар атанды:

  • Гран-при
    • Ербота Ұзақбаев – Қарағанды қаласы
  • І дәрежелі
    • Жазира Казимова – Нұра ауданы
    • Ерболат Маханбет – Кеншілер мәдениет сарайы
  • ІІ дәрежелі
    • Константин Иванов – Қарағанды қаласы
    • Перизат Несипбаева – Жезқазған қаласы
    • Ақзер Мұхаметқали – Бұқар жырау ауданы
    • Нұрахмет Қаршығанов – Сәтпаев қаласы
  • ІІІ дәрежелі
    • Бұлбұл Мақшонова – Ақтоғай ауданы
    • Нургул Смакова – Қарқаралы ауданы
    • Сандугаш Иксанова – Жаңаарқа ауданы
    • Айгерім Жақыпбекова – Ақтоғай ауданы
    • Арсен Арғынбай – Балқаш қаласы
    • Анаргул Наурызхан – Осакаров ауданы
  • Дипломанты
    • Бажиева Корлан – Абай ауданы
    • Гульмира Коккозова – Шет ауданы
    • Шырақбек Дүйсенбин – Қарағанды қаласы
    • Еламан Зайни – Ұлытау ауданы

Iс-шаралар

Меню