Сарыарқаның көшпелі мәдениеті: «BaiQymyz – Қарқаралы 2026» этно-гастрофестивалі

6 маусым күні Қарқаралы қаласындағы этно орталықта алғаш рет «Сарыарқаның көшпелі мәдениеті: BaiQymyz – Қарқаралы» этно-гастрофестивалі өтті. Ауқымды мәдени-туристік жоба қазақ халқының ұлттық тағамдарын, қымыз мәдениетін, жылқы шаруашылығы дәстүрін және бай тарихи-мәдени мұрасын дәріптеуге бағытталды.

Фестивальге еліміздің әр өңірінен келген 37 қымыз өндіруші қатысып, ұлттық сусынның үздік үлгілерін ұсынды. Қасиетті Қарқаралы жеріне 20 мыңнан астам көрермен мен қонақ жиналып, бастаманың халық тарапынан зор қолдау тапқанын көрсетті.

Іс-шара аясында 30 тонна қымыз ұсынылып, этноауыл, қолөнер алаңдары, көрмелер және мәдени бағдарламалар ұйымдастырылды. Фестиваль ұлттық құндылықтарды насихаттап қана қоймай, өңірдің туристік әлеуетін арттыруға және этнотуризмді дамытуға серпін берді.

«BaiQymyz-2026» аймақаралық қымыз байқауының жеңімпаздары:  

1-орын — Қарағанды облысы, Қарқаралы ауданы, Ақтерек ауылы, «Мұхамед-Әли» ЖК — 5 000 000 теңге

2-орын — Қарағанды облысы, Қарқаралы ауданы, Тоқпан ауылы, «Тоқпан қымызы» («Бақтияр» ШҚ) — 3 000 000 теңге

3-орын — Ұлытау облысы, «Жаңаарқа» қымызы («Қасымов А.Т.» ЖК) — 1 500 000 теңге

Iс-шаралар

Меню