2026 жылғы 12 маусымда Қарағанды облысы, Шет ауданындағы «Талды тарихи-археологиялық паркінде» «Талды – 2026: қола дәуірінен орта ғасырларға дейін» атты халықаралық ғылыми-практикалық көшпелі конференция өтті.
Конференцияның басты нысаны әлем ғалымдарының қызығушылығын тудырған бірегей археологиялық ескерткіш – «Қаражартас пирамидасы» болды.
Халықаралық жиынға Қазақстанмен қатар Венгрия, Германия, Түркия, Ресей және Татарстаннан археологтар, тарихшылар, музейтанушылар мен реставраторлар қатысты.
Конференция аясында халықаралық семинар-тренингтер, археологиялық экскурсиялар және БАҚ пен блогерлерге арналған блог-тур ұйымдастырылды.
Жоба қорытындысында «Талды» тарихи кешені туралы деректі фильм мен арнайы подкасттар сериясы әзірленді.
«Талды – 2026» ғылым мен тарихты тоғыстырған, Қазақстанның бай тарихи мұрасын әлемге танытқан маңызды халықаралық алаңға айналды.






































