2026 жылғы 4 мамырда Қарағанды қаласындағы Кеншілер мәдениет сарайында Жеңіс күніне арналған «Ардагерлер ән салады» хор ұжымдарының облыстық фестивалі өтті.
Фестивальге Қарағанды облысының қала және ауданынан 28 хор ұжымы қатысты. Сахнада 55 жастан 90 жасқа дейінгі 600-ден астам қатысушы өнер көрсетіп, көрермендерге рухани қуаныш сыйлады.
Барлық қатысушыларға дипломдар мен алғыс хаттар табыс етіліп, олардың өнерге деген адалдығы мен мәдениетке қосқан үлесі атап өтілді.
Фестиваль өнердің ұрпақтар сабақтастығын, мәдени бірлікті және тарихи жадты сақтаудағы маңызын тағы бір мәрте дәлелдеді.








































