Роза Бағланованың 100 жылдығына арналған «Ақмаңдайлым» облыстық вокалдық байқауы өткізілді

Қарағанды облысының мәдениет, архивтер және құжаттама басқармасы мен Облыстық мәдени-сауық және халық шығармашылығының ғылыми — әдістемелік орталығының ұйымдастырумен Роза Бағланованың мәдени мұрасын насихаттау, қазақ ән өнерінің дамуына өзіндік үлес қосу, орындаушылық шеберлікті арттыру мақсатында, 2022 жылдың 9-10 наурыз күндері Кеншілер мәдениет сарайында әншінің 100 жылдығына арналған «Ақмаңдайлым» облыстық вокалдық байқауы өткізілді.

Байқау екі жас санаты бойынша өткізілді: 18-35 жас, 36-50 жас.

Байқау II –кезеңнен тұрды:

  • Қатысушылар I кезеңде – Роза Бағланованың репертуарынан әндерін,
  • II кезең – еркін тақырыптағы әндері орындалды және марапаттау рәсімі мен гала-концерті өтті.

Байқауға Қарағанды облысының Абай, Ақтоғай, Жаңаарқа, Ұлытау, Нұра, Осакаров, Қарқаралы, Шет аудандары мен Қарағанды, Жезқазған, Сәтпаев, Теміртау, Балқаш, Саран, Шахтинск қалалары, және Қазтұтынуодағы Қарағанды экономикалық Университеттінен 28-дан астам үміткерлер қатысты.

Байқау қорытындысы бойынша төмендегі жеңімпаздар атанды:

  • Гран-при
    • Ербота Ұзақбаев — Қарағанды қаласы
  • І дәрежелі
    • Жазира Казимова — Нұра ауданы
    • Ерболат Маханбет — Кеншілер мәдениет сарайы
  • ІІ дәрежелі
    • Константин Иванов — Қарағанды қаласы
    • Перизат Несипбаева — Жезқазған қаласы
    • Ақзер Мұхаметқали — Бұқар жырау ауданы
    • Нұрахмет Қаршығанов — Сәтпаев қаласы
  • ІІІ дәрежелі
    • Бұлбұл Мақшонова — Ақтоғай ауданы
    • Нургул Смакова — Қарқаралы ауданы
    • Сандугаш Иксанова — Жаңаарқа ауданы
    • Айгерім Жақыпбекова — Ақтоғай ауданы
    • Арсен Арғынбай — Балқаш қаласы
    • Анаргул Наурызхан — Осакаров ауданы
  • Дипломанты
    • Бажиева Корлан — Абай ауданы
    • Гульмира Коккозова — Шет ауданы
    • Шырақбек Дүйсенбин — Қарағанды қаласы
    • Еламан Зайни — Ұлытау ауданы

Последние мероприятия

Меню