1 маусым күні сағат 11:00-де Қарағанды қаласындағы Кеншілер мәдениет сарайында «Сарыарқа жұлдызы» эстрадалық орындаушылардың облыстық байқауы өтті. Халықаралық балаларды қорғау күніне орай ұйымдастырылған өнер сайысына облыстың қала-аудандарынан келген 7–18 жас аралығындағы жас таланттар қатысты.
Байқау үш жас санаты бойынша өткізілді. Қатысушылар өздерінің вокалдық шеберлігін көрсетіп, көрермендер мен қазылар алқасының жоғары бағасына ие болды. Үздіктер I, II, III орындармен және арнайы сыйлықтармен марапатталды. Бас жүлде иегері халықаралық байқауға жолдама алды.
Жеңімпаздар:
7–10 жас:
I орын – Медине Қайролла (Ақтоғай)
II орын – Нұртілек Шаймұрат (Осакаровка)
III орын – Көркем Болат (Қарқаралы)
11–13 жас:
I орын – Айсәуле Марат (Қарағанды)
II орын – Дильназ Сағындық (Ақтоғай)
III орын – Каусар Аманкелді (Осакаровка)
14–18 жас:
I орын – Нұрсая Рзағали (Теміртау)
II орын – «Балауса» вокал тобы (Шахан)
III орын – Інжу Жанымхан (Топар)
































