Қарағанды облысында Жеңіс күні қарсаңында Ұлы Отан соғысының ардагерлері, тыл еңбеккерлері, блокада куәгерлері мен концлагерьдің бұрынғы тұтқындарына арналған тағылымды кездесу өтті.
Қонақтарды оркестр қарсы алып, тақырыптық көрме ұйымдастырылды. Ардагерлерге құрмет көрсетіліп, алғыс білдірілді. Оларды Қ. Байжанов атындағы концерттік бірлестіктің кәсіби әртістері, Академиялық музыкалық комедия театры, Қарағанды облысы Полиция департаментінің «Сарыарқа» ансамблі, «Әсел» балалар ансамблі, сондай-ақ «Қуаныш» және «Шолпан» үлгілі хореографиялық ансамбльдері өнерімен құттықтады.
Бұл кездесу ардагерлерге деген құрметті айқындап, жас ұрпаққа тағылымды үлгі болды.










































