2026 жылғы 6 маусымда Қарағанды облысының Қарқаралы қаласында «BaiQymyz» ұлттық тағамдар және қымыз гастрофестивалі өтеді. Іс-шараның негізгі мақсаты қымызды көшпелі өркениеттің басты сусыны ретінде насихаттау, жылқы шаруашылығын дамыту және ішкі туризмді ілгерілету.
Фестиваль қазақ халқының ұлттық құндылықтарын, қонақжайлық дәстүрін және тарихи мұрасын дәріптеуге бағытталған. «BaiQymyz» фестивалі аясында ең үздік қымызды анықтау байқауы ұйымдастырылып, ат-әбзелдері мен ұлттық қолөнер көрмелері көпшілік назарына ұсынылады. Сондай-ақ, мәдени және спорттық бағдарламалар өткізу жоспарланған.
Фестивальдің жалпы жүлде қоры 10 миллион теңгені құрайды.
















