4 маусым – Қазақстан Республикасының Мемлекеттік рәміздер күніне орай Қарағанды қаласындағы Мемлекеттік Ту тұғыры алаңында «Рәміздер рухы – Конституция күші» атты облыстық патриоттық форум өтті.
Форумға Қазақстан эстрадасының танымал әншісі Қуандық Рахым, ҚР Ұлттық ұлан ансамблі және Қарағанды облысының шығармашылық ұжымдары қатысып, өнер көрсетті. Ауқымды іс-шараға төрт мыңнан астам адам жиналып, еліміздің басты нышандарының бірі – Мемлекеттік Туға құрмет көрсетті.





















