Қарағанды облысы әкімінің және облыстық мәдениет, архивтер және құжаттама басқармасының мәдениет және өнер саласындағы сыйлығы

2026 жылғы 21 мамырда Қарағанды қаласындағы Garden Hall мейрамханасында Мәдениет және өнер қызметкерлері күніне орай мәдениет және өнер саласындағы Қарағанды облысы әкімінің сыйлығын тапсырудың салтанатты рәсімі өтті.

Салтанатты кеш зиялы қауым өкілдерін, мәдениет және өнер қызметкерлерін, архив және кітапхана ісінің мамандарын, шығармашылық ұжымдарды, сала ардагерлерін және құрметті қонақтарды бір арнаға тоғыстырды.

Іс-шара барысында Қарағанды облысының әкімі Ермағанбет Бөлекпаев құттықтау сөз сөйлеп, мәдениет қызметкерлерінің ұлттық құндылықтарды сақтау мен насихаттаудағы, өңірдің рухани дамуына қосқан үлесін ерекше атап өтті.

Салтанатты рәсімде театр, музыка, хореография, әдебиет, музей, кітапхана және архив ісі, сондай-ақ мәдени-демалыс қызметі салаларында үздік нәтижелерге қол жеткізген мамандар облыс әкімінің сыйлығымен марапатталды.

Марапаттау рәсіміне Қарағанды облысының мәдениет, архивтер және құжаттама басқармасының басшысы Ғалымжан Өтелбайұлы қатысып, мәдениет саласының дамуына елеулі үлес қосқан қызметкерлерге сыйлықтар мен марапаттарды табыстады.

Кештің ең маңызды сәттерінің бірі – мәдениет саласына ұзақ жылдар бойы адал қызмет етіп келе жатқан үздік мамандарға берілген Қарағанды облысы әкімінің «Мамандыққа адалдығы үшін» арнайы сыйлығы болды.

Мерекелік шара өңірдің шығармашылық ұжымдары мен өнерпаздарының концерттік бағдарламасымен жалғасып, көрермендерге ерекше әсер сыйлады.

Мұндай іс-шаралар мәдениет және өнер саласы мамандарының еңбегін дәріптеуге, шығармашылық әлеуетті қолдауға және өңірдің мәдени кеңістігін одан әрі дамытуға ықпал етеді.

Iс-шаралар

Меню