Халық ақындары Доскей Әлімбайұлының 175, Шашубай Қошқарбайұлының 160 және Мемлекет қайраткері Жұмабек Ташеневтің 110, академик Евней Бөкетовтің 100 жылдық
Өтетін орны: Кеншілер мәдениет сарайы (Қарағанды қаласы)
Өтетін күні: 17 наурыз 2025 ж.
Өтетін уақыты: сағ.19:30
Өткізу мақсаты: Қазақ айтыс өнерінің айтулы өкілдері, Халық ақындары Доскей Әлімбайұлы және Шашубай Қошқарбайұлының айтыстары мен рухани бай мұрасын насихаттау, екінші дүние жүзілік соғыста жауынгерлерді жігерлендірген отты өлеңдерін, қасиетті Қарағанды қаласы және кеншілердің ерен еңбегін жырлаған жалынды жырларын ұрпаққа үлгі ету. Туған елін, туған жерін қорғауда ерекше ерлік көрсетіп, ұлтарақтай жерімізді ұрпаққа аман сақтап қалу жолында басын бәйгеге тіккен.
Алаштың біртуар перзенті, халқымыздың қаһарман ұлы Мемлекет және қоғам қайраткері Ташенев Жұмабек Ахметұлының өнегелі істерін, академик Евней Арыстанұлы Бөкетовтің қайраткерлік жолын, асыл мұрасын дәріптеу. Мемлекетіміздің дамуына аянбай еңбек етіп жүрген қайраткерлердің еңбегін бағалау, Ұлттық поэзиямызды насихаттау, ұрпақты ұлттық ата-дәстүр рухына тәрбиелеу. Жастардың шығармашылығын шыңдау және қолдау. Халықтың рухани, мәдени мұраларын келешек ұрпаққа жеткізу және оны елдің санасына сіңдіру.
Қолдаушы: Қарағанды облысының мәдениет, архивтер және құжаттама басқармасы
Қатысушылар: Қарағанды облысының белгілі ақындары:
Тілеген Әділ-Айтбай Жұмағұл
Мақсат Ахан-Нұрмұхаммед Байсүгір
Дидар Қами- Нұрсұлтан Рымбай