Қарағанды облыстық семинар-практикумы: «Клубтық құрылымдар: ұғымдар, жанрлар, формалар»

2026 жылғы 27 сәуірде Қарағанды қаласында Қарағанды облысының клубтық ұйымдарының әдіскерлеріне арналған облыстық семинар-практикум өтті.

Семинарға өңірлерден мәдениет саласының мамандары мен әдіскерлері қатысты.

Бағдарлама аясында материалдық емес мәдени мұраны сақтау және насихаттау, клубтық құрылымдардың жұмысын ұйымдастыру, мәдени-демалыс саласындағы заманауи тәсілдер, мәдениет мекемелерінде цифрлық технологияларды қолдану мәселелері қарастырылып, тәжірибе алмасу жүргізілді.

Іс-шара барысында мамандардың баяндамалары, практикалық сабақтар, тренингтер және мәдениет үйлерінің жұмысына тұрғындарды тартудың тиімді жолдары талқыланды.

Семинар мәдениет саласы қызметкерлерінің кәсіби біліктілігін арттыруға, тәжірибе алмасуға және өзара ынтымақтастықты нығайтуға арналған тиімді алаң болды.

Iс-шаралар

Меню