Жеңіс күніне арналған «Ардагерлер ән салады» атты ардагерлер хор ұжымдарының ХХХІ облыстық фестивалі жайлы

Жас ұрпақты хор өнеріне баулу, аға ұрпаққа құрмет рухында тәрбиелеу, соғыс және еңбек ардагерлірінің хор ұжымдарын насихаттау және олардың жұмысын жетілдіру, орындаушылық шеберлігі мен репертуар деңгейін арттыру, оны Қазақстандық және шетелдік авторларының шығармаларымен толықтыру мақсатында, 2022 жылдың 5 мамырында Кеншілер мәдениет сарайында ардагерлердің хор ұжымдарының ХХХІ облыстық «Ардагерлер ән салады» атты фестивалі өтті.

Фестивальге соғыс және еңбек ардагерлерінің 25 хор ұжымдары қатысты. Қатысушылардың жасы 55 және одан жоғары.

Әр ұжым соғыс жылдарындағы бір әнді және бір ән еркін тақырыпта орындалды.

Фестивальге қатысушыларға дипломдар мен ынталандыру сыйлықтары табысталды.

 

Iс-шаралар

Меню