XXV «Жас қанат» облыстық жас орындаушылар байқауының пресс-конференциясы жайлы АҚПАРАТ

2023 жылдың 28 наурызда «Жас қанат» облыстық жас орындаушылар байқауының пресс-конференциясы өтті.

Конференция модераторы Қарағанды облысының мәдениет, архив және құжаттама басқармасының басшысы Еркебұлан Жұмакенов болды.

  • Пресс-конференцияда «Азия дауысы» халықаралық фестивалінің және «Жас қанат» республикалық байқауының (Алматы қ.) Президенті-Ковыряко Ирина Владимировна;
  • Қазылар алқасының төрағасы, «Жас қанат-2010» облыстық байқауының лауреаты, Шабыт халықаралық фестивалінің Бас жүлде иегері, Президенттік оркестр мен Қазақконцерттің (Астана қ.) солисі – Гүлсім Мырзабекова;
  • Қазылар алқасының мүшесі, «ALMATY AUEZY» Халықаралық фестивалінің продюсері, «Жас қанат» республикалық байқауының және «Азия дауысы» халықаралық фестивалінің (Алматы қ.) атқарушы директоры – Жұматай Алдыханов;
  • Қазылар алқасының мүшесі «Жас қанат-2006» облыстық фестивалінің лауреаты, «super STAR KZ» телевизиялық жобасының финалисті, әнші-композитор (Алматы қ.) – Роман Ким сөз сөйледі.

Бұл байқаудың мақсаты – талантты жастарды анықтау және қолдау!

Жыл сайын байқауға облыстың барлық өңірлерінен талантты жастар, жоғары оқу орындары мен колледждердің студенттері, филармониялардың солистері қатысады.

25-ші мерейтойлық байқауға облыстың барлық өңірлерінен 40-тан астам орындаушы қатысуға өтінім берді, іріктеу кезеңінен кейін финалға Абай, Бұқар Жырау, Қарқаралы, Осакаров, Шет аудандарынан, Теміртау және Қарағанды қалаларынан 15 қатысушы өтті.

Байқау екі кезеңнен тұрады. 29 сәуір сағат 18.30-да өткен жылдардағы лауреаттардың, белгілі қазақстандық орындаушылардың және «Жас қанат» облыстық байқауының жеңімпаздарының қатысуымен марапаттау рәсімі мен Гала-концерт өтеді.

Iс-шаралар

Меню