«Шабыт» XVIII Халықаралық шығармашылық жастар фестивалі

2015 жылдың 3-8 қараша күндері аралығында Астана қаласының әкімдігі, Астана қаласының Мәдениет басқармасы мен Қазақ Ұлттық Өнер университетінің ұйымдастыруымен Қазақстан Республикасының бас қаласында «Шабыт» XVIII Халықаралық шығармашылық жастар фестивалі өтті. Фестиваль «Классикалық музыка» (скрипка, альт, виолончель, контрабас, вокал, фортепиано); «Бейнелеу өнері» (скульптура, сәндік-қолданбалы өнер); «Халық музыкасы» (домбыра, домбырамен ән айту); «Цирк өнері» және «Спорттық сәнді-би» номинациялары бойынша ұйымдастырылды.

Қарағанды облысынан «Халық музыкасы» номинациясы бойынша Тәттімбет атындағы Қарағанды өнер коллледжінің студенті Рымғали Айбек, «Спорттық сәнді-би» номинациясы бойынша «Элит» спорттық би клубының мүшелері Юрий Фоменко мен Екатерина Майборода, «Цирк өнері» номинациясы бойынша Қ.Байжанов атындағы концерттік бірлестігі жанынан құрылған «Молодые сердца» цирк студиясының мүшелері Шпякина Мелитина мен Дудина Арина және Қарағанды қаласының Саңыраулар мәдениет үйінің «Браво» халықтық клоундар театры қатысып, өз өнерлерін көрсетті.

Фестивальдің қортындысы бойынша Қарағанды облысының қатысушылары «Спорттық сәнді-би» номинациясы бойынша «Элит» спорттық би клубының мүшелері Юрий Фоменко мен Екатерина Майборода және «Цирк өнері» номинациясы бойынша Қарағанды қаласының Саңыраулар мәдениет үйінің «Браво» халықтық клоундар театры фестивальдің дипломанттары атанып, Астана қаласы Мәдениет басқармасы атынан арнайы сыйлықтар мен 50 000 теңге көлемінде ақшалай сыйақылар иеленді.

Байқаулық орындаулардан басқа фестиваль аясында кешкі іс-шаралар ұйымдастырылды: қазылар алқасы мүшелерінің концерті, музыкалық ойын-сауық шоу, дөңгелек үстелдер. Сонымен қатар, шығармашылық мәселелерді талқылау мақсатында ұйымдастыру комитетінің штабында дөңгелек үстелдер өткізілді. Фестивальдің маңызды бөлігі әлемдік өнер майталмандарының қатысуымен өтетін тәжірибелік сабақтар. Фестиваль жеңімпаздарды марапаттау және лауреаттардың Гала-концертімен аяқталды.

Iс-шаралар

Меню