Ұлы Отан соғысындағы Жеңістің 70 жылдығына және Отан қорғаушылар күніне арналған ХІ облыстық «Шырқа керней, Жеңіс маршымен» атты үрмелі және джаз әуендерінің фестивалі

2015 жылдың 7 мамыр күні қарағанды қаласында Ұлы Отан соғысындағы Жеңістің 70 жылдығына және Отан қорғаушылар күніне арналған ХІ облыстық «Шырқа керней, Жеңіс маршымен» атты үрмелі және джаз әуендерінің фестивалі өтті.

Фестивальге Шахан кентінің, Сараан қаласының Халықтық үрмелі аспаптар оркестрлері, ҚР ІІМ 6505 әскери бөлімінің, Тәттімбет атындағы өнер колледжінің, Қарағанды қаласының мамандандырылған музыкалық мектеп-интернатының, Орталық мәдениет және демалыс саябағының, 31775 әскери бөлімінің үрмелі аспаптар оркестрлері, Т.Бегелдинов атындағы Республикалық әскери мектеп-интернатының барабаншылар ротасы және Қ.Байжанов атындағы концерттік бірлестігінің джаз оркестрі Кеншілер мәдениет Сарайы алаңының сахнасында өз өнерлерін көрсетті.

 

Фестивальге барлық қатысушылар арнайы диплодар мен ақшалай сыйлықтармен марапатталды.

Iс-шаралар

Меню