Қарағанды қаласы 6505 әскери бөлімінің Әскери үрмелі аспаптар оркестрі

6505 әскери бөлімінің әскери оркестрі Қазақстан Республикасы ІІМ Ішкі әскерлерінің штаттық оркестрі болып табылады. Оркестр 1964 жылы 5 мамырда құрылды. Музыкалық өнер құралдарымен оркестр әскери қызметшілерді патриоттық, адамгершілік, әскери және эстетикалық тәрбиелеуге жәрдемдеседі, қызметтік-жауынгерлік міндеттерді орындауға ықпал етеді.

Әскери-оркестрлік қызметі өткізетін үрмелі оркестрлер конкурстарының тұрақты қатысушысы, онда жүлделі орындарға ие болды. 1985 жылы әскери оркестр КСРО ІІМ Ішкі әскерлерінің үрмелі оркестрлерінің бүкілодақтық байқауында 2 орын алды.

Концерттерге, түрлі қалалық, облыстық іс-шараларға қатысады, сондай-ақ музыкалық-ағартушылық жұмыстарын жүргізеді. Ұжым Қарағанды қаласындағы үрмелі оркестрлердің марш-парадтарына, сондай-ақ мемлекетіміздің елордасы Нұр-Сұлтан қаласында «Қала күнін» мерекелеуге үнемі қатысады.

Оркестрдің қызметі Ішкі әскерлердің өмірімен тығыз байланысты және Қазақстан Республикасының халықтарын жақындастыруға, әскери-патриоттық музыканы насихаттауға және дамытуға бағытталған. Әскери дирижер – капитан Кудабаев Станислав Сергеевич.

Iс-шаралар

Меню