Мейірхан Адамбековты еске алуға арналған «Сағындым ғой…» кеші

13 ақпанда «Шалқыма» концерт залында Қарағанды облысының мәдениет, мұрағаттар және құжаттама басқармасының бастамасымен және облыс әкімдігінің қолдауымен Қазақ классикалық ән өнерінің жарқын жұлдызы, қайталанбас Таланттың иегері, тамаша әнші Мейірхан Адамбековті еске алуға арналған «Сағындым ғой…» кеші өтті.

Бұл ерекше мәдени шарада Мейірхан Адамбековтің өнер жолы мен мұрасы дәріптеліп, оның орындауындағы халық әндері мен классикалық шығармалар шырқалды. Кешке өнер майталмандары, әріптестері, шәкірттері және тыңдармандар қатысып, қазақ музыкасының ұлы тұлғасының рухына тағзым етті.

Iс-шаралар

Меню