Қуаныш Мақсұтовтың 60 жылдық мерейтойына арналған «Мәңгілік мұңның әуені» атты шығармашылық кештің АҚПАРАТЫ

Қарашаның 19 жұлдызында Сәкен Сейфуллин атындағы облыстық қазақ драма театрында Қарағанды облысының әкімдігінің қолдауымен және Қарағанды облысының мәдениет, архивтер және құжаттама басқармасының ұйымдастыруымен ақын, бард, қазақтың сары тентегі Қуаныш Мақсұтовтың 60 жылдық мерейтойына арналған «Мәңгілік мұңның әуені» атты шығармашылық кеші өтті.

Мерейтой иесін Қарағанды облысы әкімінің орынбасары Ерлан Бейсембайұлы Құсайын,  Қазақстан Республикасы Парламенті Мәжілісінің депутаты, ақын Қазыбек Жарылқасынұлы Иса, Қазақстан Республикасы Парламенті Мәжілісінің депутаты, «Айтыс ақындары мен жыршы-термешілердің Халықаралық Одағының» басқарма төрағасының орынбасары, ақын Аманжол Дүйсенбайұлы Әлтаев, Аманат партиясы орталық комитеттің атынан келіп отырған Түркістан халықаралық газетінің бас редакторы Бауыржан Бабажанұл,  Табылды Досымов атындағы халықаралық қордың төрағасы Бижан Куанышкерейұлы Қалмағамбетов пен          Темірбек Жүргенов атындағы қоғамдық қордың төрағасы Аңсатов  Сәпен арнайы құттықтады.

Кеш иесіне Республикалық ақындар айтыстарының жүлдегері Еркеғали Бекболат арнау арнады.

Мерейтойлық кеш Қуаныш Мақсұтовтың шығармашылығы қамтыған «Мәңгілік мұңның әуені» атты моноспектаклмен жалғасын тапты.

 

Iс-шаралар

Меню