Мақат Рымжанұлының 100 жылдық мерейтойына арналған «Мәңгілік ел есіндегі тұлға» атты іс-шаралар өткізілді

Қазақстанның өнері мен мәдениетінің өркендеуіне үлкен үлес қосқан тұлғалардың бірі, белгілі өнер қайраткері, Ұлы Отан соғысының I дәрежелі, «Еңбек Қызыл Ту» ордендерінің кавалері, «Құрмет» белгісінің иегері, Қазақстанның еңбек сіңірген мәдениет қызметкері – Рымжанов Мақат Рымжанұлы.

6-7 мамыр күндері Мақат Рымжанұлының 100 жылдық мерейтойына арналған «Мәңгілік ел есіндегі тұлға» атты іс-шаралар өтті.

6 мамыр сағ. 18:30-да С.Сейфуллин атындағы облыстық Академиялық қазақ драма театрында, Абыз ауылының М.Рымжанов атындағы халық театрының орындауында Қ.Қайсеновтың «Жау тылындағы бала» драмалық қойылымы көрсетілді.

7 мамыр сағ. 11:00-де «Сарыжайлау» кинотеатрында «Мақат, Ораз Рымжановтар» кітабының және 11:30-да Ораз Рымжановтың «Әкеме» деректі фильмінің тұсаукесер рәсімі өткізілді.

Сол күні К.С.Станиславский атындағы облыстық орыс драма театрында сағат 15:30-да «Мәдениет ғұламасына тағзым» көрмесі ұйымдастырылады және сағ. 16:00-де «Мәңгілік ел есіндегі тұлға» атты еске алу кеші өтті.

Еске алу кешінде Қарағанды облысының белгілі өнерпаздары мен өнер ұжымдары өнер көрсетті.

Iс-шаралар

Меню