«Күншуақ» Республикалық фестиваль-конкурсы

Күзгі демалыс күндері 2015 жылдың 3-7 қараша аралығында Алматы қаласында Республикамыздың түкпір-түкпірінен жиналған өнерпаздардың қатысуымен «Күншуақ» Республикалық фестиваль-конкурсы өтті. солардың ішінде Облыстық мәдени-сауық және халық шығармашылығының ғылыми-әдістемелік орталығының «Қуаныш» үлгілі хореографиялық ансамблі қатысты. Конкурс Ұйғыр театрында өтті. Конкурс аясында алуан номинациялардың қатысушылары өздерінің шеберліктерін көрсетіп, көрермендерді ризашылыққа бөледі. Фестиваль-конкурстың қортындысы бойынша «Хореография» номинациясында «Қуаныш» үлгілі хореографиялық ансамблінің орта тобы Бас жүлде иеленсе, үлкен тобы І орынға ие болды.

Біздің жеңімпаздарымызды шын жүректен құттықтап, шығармашылық табыс тілейміз.

Iс-шаралар

Меню