Қарағайлы мәдени-сауық орталығы


Мәдени-сауық орталығының жетекшісі  – Талғат Нақыпбекұлы Төлепбеков

 

 

 

 

 

 

 

Қарағайлы кентінің мәдениет үйі 1988 жылы іске қосуға берілді. Ғимарат алаңы 5976 м2 құрайды. Ғимарат 2 қабатты, қабырғалары блок, шатыры қатты (профлист).

Біздің Қарағайлы мәдени-сауық орталығына 9 селолық округ қарайды. 2009 ж бастап Қарағайлы МСО құрылды. Мәдениет үйінде 13 клубтық құралымдар бар, қатысушы саны 260 адам.

Қарағайлы МСО барлық аудандық фестиваль, байқауларға қатысып отырады. Соңғы 3 жылда: 2017 жылы аудандық «Жас қанат» байқауында Әлиев С., Махмет Е., Давид З. Дипломмен, 2018 жылы Талғат Н., Хамза Ж. Алғыс хаттармен марапатталды. Биші Қайырбек А. Бас жүлде иегері атанды. 2019 ж Мейраш Ф. ІІ дәрежелі диплом алды. Біздің мәдениет үйінде аудандық дәстүрлі әншілер байқауы өтті. Көктас аулының өнерпазы НұрлытаңЕрмекова бас жүлдені жеңіп алды.

Қарағайлы мәдениет үйінің қызметкерлері барлық мәдени іс-шараларға белсене, жауапкершілікпен қарап, халықты мәдени және демалыс шаралармен толық қамтамасыз етеді.

 

 

Iс-шаралар

Меню