«Сүйікті жас қалам» әндер жинағының тұсаукесер кеші

2015 жылдың 28 мамыр күні Кеншілер мәдениет сарайының ғимаратында «Сарыжаулау» кинотеатрының залында сағат 16.00-де Қарағанды облысының мәдениет, мұрағаттар және құжаттам басқармасының, облыстық мәдени-сауық және халық шығармашылығының ғылыми-әдістемелік орталығының ұйымдастыруымен Қарағанды қаласы туралы «Сүйікті жас қалам» әндер жинағының тұсаукесер кеші өтті.

Қарағанды туралы әндер топтамасы елімізге белгілі сазгерлердің, соның ішінде Қазақстан композиторлар Одағы Қарағанды облыстық филиалының, «Балауса» қоғамдық бірлестігінің, халықтық сазгерлер клубының, кеншілер, мемлекет қызметкерлері сынды әр-түрлі салада қызмет жасайтын көркемөнерпаз сазгерлердің және Арқа ақындарының туындыларынан құралды.

Жинаққа Қарағанды қаласы туралы әндерінің тексті мен ноталары, ақындар мен сазгерлердің өмірбаяндары, жеткен жетістіктері енгізілген.

Іс-шараның өту барысында «Сарыжайлау» кинотеатрының сахнасында жинаққа кірген әндер орындалды.

Барлық ақын мен сазгерлерге «Сүйікті жас қалам» атты әндер жинағы табысталып, айтулы мереке есте қаларлықтай фотосессия өтті.

Iс-шаралар

Меню