Презентация книги «Күмбір-күмбір күй төккен, Күйден күмбез тұрғызған», посвященная творчеству кюйши Магауи Хамзина (kk translation)

2019 жылы желтоқсан айының 4-ші жұлдызында Н.В. Гоголь атындағы әмбебап-ғылыми кітапханасында, Облыстық мәдени-сауық және халық шығармашылығының ғылыми-әдістемелік орталығының және Н.В.Гоголь атындағы әмбебап-ғылыми кітапханасының ұйымдастыруымен Ұлттық сахна өнерінің дарабозы, Қазақстан республикасының Халық артисі, шертпе күйдің шебері, Балқаш қаласының құрметті азаматы Мағауия Хамзиннің шығармашылығына арналған «Күмбір-күмбір күй төккен, Күйден күмбез тұрғызған» атты кітабының тұсаукесері өтті.
Мағауия Хамзиннің інісі Дәнелия Хамзиннің әйелі – Бақыт Жақыпбекқызы; үлкен ағасының немересі – Оралта Тиштыбайұлы; шәкірті, домбыра жасау шебері — Аман Садуақасов; «Мағауия Хамзин» атты монографияның авторы, күйші, өнертану ғылымдарының магистрі – Манап Бағдатұлы осы кештін қонағы болды.

Көрермендер ретінде Қарағанды қаласының колледждері мен жоғары оқу орындарының оқушылары шақырылды. Кітапхана фойесінде қонақтарды Қ.Байжанов атындағы концерттік бірлестіктің «Арқа сазы» фольклорлық ансамблі қарсы алды.

Тұсаукесерді Н.В.Гоголь атындағы әмбебап-ғылыми кітапханасының басшысы Дина Базарбайқызы Аманжолова
М. Хамзиннің туыстары Мағауи Хамзиннің қолымен жасалған эксклюзивті домбыраларды көрсетті,олардың бірінде Манап Бағдатұлының орындауында М.Хамзиннің күйлері шебер орындалды.

Сондай-ақ, іс-шарада халықаралық конкурстардың лауреаты Қ.Байжанов атындағы концерттік бірлестіктін дәстүрлі әншісі Ержан Базарбеков және «Арқа сазы» фольклорлық ансамблінің күйшісі Индира Таргынова өнер көрсетті.
Тәттімбет атындағы өнер колледжі кітапхана бөлімінің 2 курс студенттері кітапхана залында «М.Хамзиннің өмірбаяны мен шығармашылығы» тақырыбында викторина ұйымдастырылып, сыйлық ретінде «Сарыжайлау» кинотеатрына шақыру билеттері табыс етілді.

Шара жас ақын, «Жыр Жауһар» поэзия клубының мүшесі Еркебұлан Елеусізовтың орындауындағы С.Ақсұңқарұлының «Хамзинге арнау» шығармасымен аяқталды.
Келген қонақтар мен қатысушыларға Қарағанды облысының мәдениет архивтер және құжаттама басқармасының; облыстық мәдени сауық және халық шығармашылығының ғылыми-әдістемелік орталығынын және Н.В.Гоголь атындағы әмбебап-ғылыми кітапханасының атынан Мағауия Хамзиннің шығармашылығына арналған кітаптар мен алғыс хаттар табыс етілді.

Iс-шаралар

Меню