Пресс-конференция «Жас канат – 2015»

2015 жылдың 10 маусым күні Кеншілер мәдениет Сарайының Кәде залында 2014 жылы облыстық «Жас қанат» конкурсының Бас жүлде иегері атанған және Республикалық «Жас қанат -2015» конкурсының лауреаты Лаура Айтбаеваның құрметіне Қарағанды облысының мәдениет басқармасы және Облыстық мәдени-сауық және халық шығармашылығының ғылыми-әдістемелік орталығының ұйымдастыруымен Пресс-конференция өтті.

«Жас қанат – 2015» конкурсының Күміс қанат иегерін облыстық мәдениет, мұрағаттар және құжаттама басқармасының басшысы Еркебұлан Ағымбаев, Облыстық мәдени-сауық және халық шығармашылығының ғылыми-әдістемелік орталығының директоры кагиза Садвокасова, облыстық және республикалық «Жас қанат» конкурсының музыкалық редакторы думан Баймағамбетов және «Жас қанат» конкурсының дипломанты, белгілі сазгер, әнші Алибек Саликов құттықтауларын жолдады.

 

Республикалық «Жас қанат -2015» конкурсының лауреаты Лаура Айтбаева тілшілердің сұрақтарына жауап бере отырып, байқау кезінде қатты қобалжығанын айтты. Өйткені, жас орындаушылардың байқауына қатысу ол үшін өте үлкен мағына берді. Алған әсерлер көп болды. Бірақ ең бастысы үлкен көрерменнің алдында өнер көрсету тәжірибесін алды.

 

Ал келер жылы облыстық «Жас қанат» конкурсы өзінің мерейтойын өткізіп, 20 жылдығын тойлайды. Келесі «Жас қанат» конкурсын облысымыздың жас орындаушылары және көрермендері асыға күтеді.

Iс-шаралар

Меню