«Керемет» Балалар телевизиялық ЖОБАСЫ

«Керемет» дарынды балалар телевизиялық жобасы шығармашылықтың әртүрлі жанрлары мен түрлеріндегі балалардың ерекше қабілеттерін анықтау және ашу, шығармашылық әлеуетін, эстетикалық және көркемдік талғамын дамыту, дарынды және талантты балалар мен олардың ата-аналарына қолдау көрсету мақсатында жүзеге асырылады.

Өтілу барысы:

Жобаға 3 пен 12 жас аралығындағы жас таланттар жеке орындаумен қатыса алады. (Топ болған жағдайда 3 адамнан артық болмауы керек)

Міндетті түрде қатысушының өнері ерекше болу керек, мысалы: әлем тарихын білу, таңқаларлық фокус, спорт чемпионы, вундеркинд т.б.

Жоба критериі:

  • Шығармашылықномердің бірегейлігі мен ерекшелігі;
  • Орындаушеберлігі мен артисттік қабілет;
  • Сахналық бейнесі, эстетикалыққабылдау;
  • Номердікөркемдеу және мәнерлеу құралдардың орындалу сапасы (қатысушыны таныстыру, пластикасы, музыка жазуы, костюмі, реквизиттер, қолөнер мен сызбаларға арналған төлқұжат)

Жобаға қатысу конкурстық негізде MP 4 форматындағы видео материалдарды қолдану арқылы жүзеге асырылады.

Өтініш формасы: ЖҮКТЕП АЛУ

Ұйымдастыру алқасының шешімімен үздіктердің үздігі 7-10 қатысушы Қарағанды қаласына «Керемет» телевизиялық жобасына қатысуға шақырылады.

Өтінімдер 2022 жылдың мамыр айының 10-шы жұлдызына  дейін karonmc@mail.ru электрондық поштасы арқылы қабылданады:

Байланыс телефоны/факс: 8(7212) 425033, 507704

Іс сапар шығындары жіберуші тарап есебінен.

Мадақтау:

 «Керемет» телевизиялық жобасының қатысушыларына  медаль және диплом табысталады.

Iс-шаралар

Меню