28 тамызда Қарағанды облысында «Мерейлі отбасы – 2026» ұлттық байқауының облыстық кезеңі қорытындыланып, үздік отбасыларды марапаттау рәсімі өтті.
Іс-шараға этномәдени бірлестіктердің өкілдері қатысып, отбасы құндылықтарын дәріптеуге бағытталған мазмұнды бастамалар жүзеге асырылды.
«Ақ орамал» акциясы аясында ананың отбасыдағы ерекше рөлі атап өтілсе, «Мектепке жол» қайырымдылық акциясы арқылы көпбалалы отбасыларға қолдау көрсетілді. Сондай-ақ байқаудың ең кішкентай қатысушыларына арнайы сыйлықтар табысталды.
«Мерейлі отбасы» байқауы – отбасы институтын нығайтуға, ұлттық және отбасылық дәстүрлерді сақтауға, ұрпақтар сабақтастығын дәріптеуге бағытталған маңызды жоба.






















