Абай Құнанбайұлы ескерткішіне гүл шоқтарын қою рәсімі

10 тамыз – Абай күніне орай «Шалқыма» концерт залы алдындағы скверде ұлы ақын, ойшыл әрі ағартушы Абай Құнанбайұлының рухани мұрасын дәріптеуге арналған мерекелік іс-шара өтті.

Шара Абай ескерткішіне гүл шоқтарын қою рәсімімен басталып, концерттік және поэзиялық бағдарламамен жалғасты. Абайдың әндері шырқалып, өлеңдері мен қара сөздерінен үзінділер оқылды. Қатысушыларға қазақ әдебиетін насихаттайтын «Paraqta.kz» цифрлық платформасы таныстырылды.

Мерекелік бағдарламаның ерекше бөлігі – ашық аспан астындағы «Book Picnic» әдеби алаңы. Қатысушылар Абайдың өлеңдері, поэмалары мен қара сөздерін бірге оқып, кітап пен руханиятты ұштастырған ерекше орта қалыптастырды. Жас оқырмандарға Абайдың кітаптары сыйға тартылды.

Шара соңында «Арқа сазы» шығармашылық ұжымының домбырашысы Арман Айнабаев Абай әндерін домбырада орындау бойынша шеберлік сағатын өткізді.

Абай мұрасы – ұлттың рухани темірқазығы.

Абайды оқу – өзіңді тану, ойлану және рухани кемелдену.

Iс-шаралар

Меню