«Дакия» румын мәдени қоғамының» қоғамдық бірлестігі

Плушкис Николай Васловасович – «Дакия» румын мәдени қоғамы» қоғамдық бірлестігінің төрағасы, Қазақстан халқы Ассамблеясының мүшесі.

2005 жылдың сәуір айында «Дакия» румын мәдени қоғамы» қоғамдық бірлестігі құрылды.

Румын қоғамының мақсаты облыс аумағында тұратын румындардың мәдени, шығармашылық және әлеуметтік мүдделерін іске асыру; халықтар достығын нығайту; румын тілін, әдет-ғұрпын, мәдениеті мен дәстүрлерін сақтау және дамыту; Этносаралық қатынастарды жетілдіруге жәрдемдесу болып табылады.

Қоғамның бастамашыл тобы елшіліктің көмегімен румын тілі мен румын тарихын оқыту курстарын ұйымдастыру бойынша шаралар қабылдады.

Румын қоғамының шығармашылық ұжымдары Румынияда өткен халықаралық фестивальдар мен байқауларда облысты сәтті көрсетті, республикалық және облыстық фестивальдар мен байқаулардың қатысушылары болып табылады.

Орталық республикалық, облыстық және қалалық іс-шаралардың белсенді қатысушысы болып табылады, қоғамда болып жатқан өзгерістерге қатысты мәселелерді талқылауға қатысады. Жұмыс Облыстық Қазақстан халқы Ассамблеясының қамқорлығымен Облыстың мемлекеттік органдарымен және мекемелерімен бірлесіп жүргізіледі.

«Дакия» румын мәдени қоғамы» қоғамдық бірлестігінің өз сайты бар www.dacia.kz.

Iс-шаралар

Меню