«Бұқарекең жырлайды» атты дәстүрлі облыстық ақын-жыршылар сайысы

2015 жылдың 27 қазан күні С.Сейфуллин атындағы қазақ драма театрында Қарағанды облысының мәдениет, мұрағаттар және құжаттама басқармасы мен Облыстық мәдени-сауық және халық шығармашылығының ғылыми-әдістемелік орталығының ұйымдастыруымен Қазақ хандығының 550 жылдығы мен хакім Абайдың 170 жылдығына арналған «Бұқарекең жырлайды» атты дәстүрлі облыстық ақын-жыршылар сайысы «Бұқар жырау оқулары», «Бұқар жырауша» және «Жыршы-жыраулар сайысы» номинациялары бойынша өтті.

Сайыстың мақсаты: Жыршы-жыраулық дәстүрді жаңғыртып насихаттау, ұрпақты ұлттық ата-дәстүр рухына тәрбиелеу. Халықтың рухани, мәдени мұраларын келешек ұрпаққа жеткізу және оны елдің санасына сіңдіру.

Байқауға Қарағанды облысының барлық аймақтарынан келген 70-ге жуық үміткер қатысып, өз өнерлерімен тамсандырды.

 

Байқаудың қорытындысы бойынша «Бұқар жырау оқулары» номинациясы бойынша келесі қатысушылар жүлдегерлер атанды:

І орын – Ботпай Нұрәлі («Дарын» мектебі);

ІІ орын – Нұртай Айсұлу (Қарқаралы ауданы), Бұрахан Мөлдір (Шахтинск қаласы);

ІІІ орын – Марат Алтынай (Бұқар жырау ауданы), Қарасарт Нұрғиса (Шахтинск қаласы); Кәрібаев Шерхан (ҚарМУ).

Арнайы сыйлықтар иегерлері Егінбаева Жансая (Бұқар жырау ауданы), Шыныбаева Тілеужан (Ақтас кенті), Марченко Карина (Саран қаласы), Мақатай Ербұлан (Қарағанды гуманитарлық колледжі) атанды.

 

«Бұқар жырауша» номинациясы бойынша келесі қатысушылар жүлдегерлер атанды:

І орын – Асқаров Қайрат (Қарағанды қаласы)

ІІ орын – Тойлыбаева Ардақ (Сәтпаев қаласы), Тілеулинов Заңғар (ҚарМУ);

ІІІ орын – Иманбеков Қайрат (Ақтоғай ауданы), Қайырбекова Күмісай (Бұқар жырау ауданы); Абай Ораз («Болашақ» академиясы).

Арнайы сыйлықтар иегерлері Рәсілхан Досымбек (Қарағанды медицина университеті), Ермаханова Мақпал (Жаңаарқа ауданы) атанды.

 

«Жыршы-жыраулар сайысы» номинациясы бойынша келесі қатысушылар жүлдегерлер атанды:

І орын – Бимендин Әлібек (Қарағанды қаласы)

ІІ орын – Қабиболаева Сәнім (Бұқар жырау ауданы), Қамиев Ұланғасыр (Шет ауданы);

ІІІ орын – Мукушева Аяла (Бұқар жырау ауданы), Ботпай Доскей (Бұқар жырау ауданы); Макашев Абзал («Дарын» мектебі).

Арнайы сыйлықтар иегерлері Шыныбек Ақжан, Асқар Қуаныш (Бұқар жырау ауданы), Ақшалова Алтынай (Қарағанды қаласы) атанды.

Iс-шаралар

Меню