«Бұқарекең жырлайды» атты дәстүрлі облыстық ақын-жыршылар сайысы жайлы ақпарат

2008 жылдан бастап облыстық мәдени-сауық және халық шығармашылығының ғылыми-әдістемелік орталығы облыстық «Бұқарекең жырлайды» байқауын өткізеді.

Байқаудың мақсаты: тарихи құндылықтарды насихаттау және поэтикалық дәстүрлерді жаңғырту, ұрпақты ұлттық дәстүрлер рухында тәрбиелеу, халықтың рухани, мәдени мұрасын болашақ ұрпаққа жеткізу.

2021 жылы байқаудың ұйымдастырушылары: Қарағанды облысының мәдениет, архивтер және құжаттама басқармасы, Қарағанды облысының ішкі саясат басқармасы, облыстық мәдени-сауық және халық шығармашылығының ғылыми-әдістемелік орталығы, Қазақстан халқы Ассамблеясының Достық үйі болды.

Биыл байқау төрт номинация бойынша өтті:

Бұқар жырауша – бұл сайысқа түскен ақындар өз туындыларын жырлау поэзиясы үлгісінде жаза отырып, қоғамның үлкен мәселелерін өз толғауында баяндайды; 

Бұқар жырау оқулары –  Бұқар жыраудың шығармашылығын яғни жыр-толғауларын мәнерлеп оқиды; 

Жыршы-жыраулар сайысы – Бұқар жырау Қалқаманұлының жыр-толғауларын белгілі бір аспапта мақамға салып орындайды; 

Әлемді түгел білсе де –  өзге ұлт өкілдері Бұқар жыраудың жыр-толғауларын қазақша, орысша және өз тілінде жатқа, мәнерлеп оқиды.

Байқауға Бұқар Жырау, Шет, Ақтоғай, Ұлытау, Абай аудандарынан, Жезді кентінен, Сәтбаев, Шахтинск, Қарағанды, Теміртау қалаларынан 100 адам қатысты.

Байқау жеңімпаздары:

  1. Бұқар жырау оқулары:

І орын – Мәдинеш Маралжан (Бұқар Жырау ауданы);

ІІ орын – Аружан Берікбаева (Бұқар Жырау ауданы);

ІІІ орын – Мейрам Фатих (Шет ауданы);

Арнайы жүлде – Ақерке Қанат (Бұқар Жырау ауданы);

Бағлан Уәли (Бұқар Жырау ауданы);

Аяулым Курманшарип (Бұқар Жырау ауданы);

Нұрислам Мейрамбек (Бұқар Жырау ауданы).

  1. Әлемді түгел білсе де:

І орын – Милана Мених («Мәшһүр Жүсіп атындағы ЖОББМ.» );

ІІ орын – Кристина Балакшина («Нұркен Әбдіров атындағы ЖОББМ.»);

ІІІ орын – Агджа Набиева (Медицина университеті);

Арнайы жүлде – Регина Салякина (Абай ауданы).

  1. Бұқар жырауша:

І орын – Бекарыс Оспанов (Қарағанды қаласы);

ІІ орын – Жандос Бақытұлы (Қарағанды қаласы);

ІІІ орын – Бибінүр Комытова (Сәтбаев қаласы);

Арнайы жүлде – Нұрлыбек Төкенов (Бұқар Жырау ауданы);

Әлихан Нығметолла (Ақтоғай ауданы).

  1. Жыршы-жыраулар сайысы:

І орын – Ұланғасыр Қами (Қарағанды қаласы);

ІІ орын – Нұрәлі Ботпай (Қарағанды қаласы);

ІІІ орын – Виктория Аленина (Бұқар Жырау ауданы);

Арнайы жүлде – Ағжан Шыныбек (С.Торайғыров атындағы мектеп);

Есімхан Тілеухан

Сенбек Бригад

Арнат Амантаев

Тілеубек Жанарыс (Теміртау қ.).

Iс-шаралар

Меню