Нұра ауданының халықтық үрмелі аспаптар оркестрі

Шахтер ауылындағы үрмелі асапаптар оркестрі 1959 жылы құрылды. Оның жетекшісі талантты музыкант Лейбранд Райнгольд Михайлович болды. 1968-1978 жылдары жетекшілікті Нидерквель Андрей Андреевич жалғастырды. 1988 жылы оркестрді тамаша мұғалім және тәлімгер Сальвассер Владимир Андреевич басқарды.

Оркестрдің репертуары өте кең және стилі мен жанры алуан түрлі, оған отандық және шетелдік композиторлардың шығармалары кіреді. Оркестр халық шығармашылығының ІІ, ІІІ Бүкілодақтық фестивальдері аясында өткен көркемөнерпаздар ұжымдарының байқау-конкурсының жеңімпазы болып табылады.

2000 жылы оркестрге “Халықтық” құрметті атағы берілді. 2009 жылдан бастап оркестрге Ақан Махаметчин жетекшілік етеді.

Iс-шаралар

Меню