Қарағанды қаласы Теміржолшылар мәдениет сарайының халықтық үрмелі аспаптар оркестрі

22 жыл бойы Қарағанды қаласы Теміржолшылар мәдениет сарайының үрмелі аспаптар оркестрі жемісті еңбек етіп келеді.

Ұжымда 19 әуесқой музыкант – теміржол саласы кәсіпорындарының түрлі өкілдері қатысады.

Оркестр репертуарында әр түрлі жанрдағы шығармалар бар: марштар, вальстер, джаз композициялары, қазақстандық, кеңестік және шетелдік композиторлардың пьесалары мен әндері.

Ұжымға жоғары орындаушылық шеберлік, қызықты репертуар және вокалистермен жарқын ән туындылары тән.

Халықтық үрмелі аспаптар оркестрі көрермендер арасында ерекше танымал, ол үрмелі және джаз музыкасы фестивалінің, сондай-ақ қалалық және облыстық мерекелердің тұрақты қатысушысы. Оркестр жетекшісі – Татьяна Егорова.

Iс-шаралар

Меню