Шахан кенті мәдениет үйінің халықтық үрмелі аспаптар оркестрі

Оркестрдің тарихы 1962 жылы ШСУ-6 шағын клубында, үрмелі музыка жанрының үлкен энтузиасты, сауатты музыкант және дирижер Райнох Эдуард Ивановичтің бастамасымен басталды.

1977 жылы – оркестр I Бүкілодақтық көркемөнерпаздар халық шығармашылығы фестивалінің лауреаты атанды.

1985 жыл –Ұлы Жеңістің 40 жылдығына арналған Бүкілодақтық байқаудың лауреаты, Қорғаныс министрлігінің Әскери-оркестрлік қызметінің дипломымен марапатталған.

1988 жылы оркестр Кеңес Қарулы Күштерінің 70 жылдығына арналған үрмелі аспаптар әуенінің облыстық байқауына қатысып, «Хрустальная лира» жүлдесін жеңіп алды.

1986 жылы оркестр жетекшісі болып Қарағанды музыкалық училищесін труба сыныбы бойынша бітірген, Эдуард Ивановичтің шәкірті Александр Гренадер тағайындалды, ол алғашқыжетекшінің дәстүрлерін жалғастырды, ұжымды сақтап қана қоймай, жұмысты жаңа деңгейге көтерді. 1996 жылы оркестр “Халықтық” құрметті атағына ие болды.

Iс-шаралар

Меню