Саран қаласы мәдениет үйінің халықтық үрмелі аспаптар оркестрі

Саран қаласы мәдениет үйінің үрмелі аспаптар оркестрі 1969 жылы жұмыс істей бастады. Оркестрдің бірінші жетекшісі Республикалық көркемөнерпаздар байқауының лауреаты, Мәскеу қаласында өткен VI Дүниежүзілік жастар мен студенттер фестивалінің қатысушысы – Моргачев Леонид Федорович болды.

1972-1975 жылдары оркестр үрмелі аспаптар оркестрлерінің байқау-конкурстарында жүлделі орындарға ие болды.

1977 жылы Бүкілодақтық көркемөнерпаздар фестивалінің лауреаты атанды.

1983 жылы ұжымға «Халықтық» құрметті атағы берілді.

1990 жылы Республикалық үрмелі аспаптар оркестрлері байқауының лауреаты атанды.

Халықтық үрмелі аспаптар оркестрінің жетекшісі – Ирина Борзых.

Iс-шаралар

Меню