Қарағанды гуманитарлық колледжінің қыздардың халықтық үрмелі аспаптар оркестрі

1976 жылы гуманитарлық колледж қыздарының үрмелі аспаптар оркестрі құрылды. 23 жыл бойы Ұлы Отан соғысының ардагері, керемет педагог, талантты музыкант – Покасов Михаил Алексеевич жетекшілік етті.

1986 жылы оркестр ұжымы Жезқазған қаласында өткен І Бүкілодақтық халық шығармашылығы фестиваліне «Өмір жолындағы шеру» бағдарламасымен қатысты. Оркестр Алматы қаласында өткен Жеңіс күнінде үрмелі музыка фестивальдеріне қатысып, жоғары шеберлік пен орындау мәдениеті үшін марапатталды.

1991 жылы оркестр Мәскеу қаласына кеңестік-американдық үрмелі аспаптар оркестрініңшеруіне шақырылды, олардың қойылымдары көпшілікті таң қалдырды.

1987 жылы оркестр «Халықтық» құрметті атағына ие болды.

Қазіргі таңда Оркестр жетекшісі: Мөлдір Алданғарова.

Iс-шаралар

Меню